"Қазақстан Халқына" Қоғамдық Қорының Білім беру гранттары байқауының қорытындысы

2022 жылғы 28 қыркүйекте «Қазақстан Халқына»Қоғамдық Қорының қайырымдылық бағдарламасы бойынша Білім беру гранттарын тағайындауға,үміткерлердің өтінімдерін қарау жөніндегі комиссия жұмысы өткен болатын.

Байқауға қатысу үшін негізгі талаптары:

* мүмкіндігі шектеулі, оның ішінде 1, 2, 3 топтағы мүгедектігі бар студенттер;
* кәмелетке толғанға дейін жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер;
* ауылдық жерлерден аз қамтылған көп балалы отбасылардан шыққан студенттер (АӘК алушылар);
* 1, 2, 3 топтағы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған толық емес отбасылардан шыққан студенттер;
* ата-анасы/ата-анасы 1, 2, 3 топтағы мүгедек болып табылатын студенттер.

Естеріңізге сала кетейік, Taiburyl «Қазақстан Халқына» Қоғамдық Қорына көмек көрсетіп, өтінімдерді қабылдау және өңдеу үшін, өзінің техникалық платформасын ұсынды.

2022 жылғы 8 қыркүйектен 20 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының бакалавриат бағдарламасының 1, 2, 3, 4 курс студенттері арасынан үміткерлерден 2 517 өтінім қабылданды.

Комиссия онлайн тапсыру қорытындысы бойынша іріктеу критерийлеріне толық сәйкес келетін 592 өтінімді іріктеп алды.

Жеңімпаздардың алдын ала тізімі «Қазақстан Халқына»Қоғамдық қорының сайтында және Taiburyl сайтында жарияланады.

https://application.taiburyl.kz/assets/files/applies/15/22093085915.pdf

Әрі қарай, 2022 жылдың 8 қыркүйегі мен 20 қыркүйегі аралығында өтініш берген жеңімпаздар Жеңімпазға хаттың нұсқауларын орындауы керек.

Жеңімпазға Хат осы сілтеме бойынша

https://application.taiburyl.kz/assets/files/applies/15/22093085855.pdf

Барлық жаңалықтардан хабардар болу үшін біздің ақпараттық ресурстарға жазылыңыз.

https://www.taiburyl.kz/
https://t.me/taiburyl
https://www.instagram.com/taiburyl/