Астана қаласындағы "Capital Education" білім беру орталығы ағылшын тілін үйрену бір жылдық курстарына 25 грант ұсынады

2017 жылдың 25 қыркүйек күнінен бастап «Тайбурыл» қоры 2017-2018 оқу жылында ағылшын тілін тегін үйрену үшін 25 гранттық орынға байқау жариялайды. 

Байқауға Астана қаласы көп балалы отбасыларының 9, 10, 11 сыныптың оқушылары қатыса алады. 
Ағылшын тілін үміткерлер "Capital Education" білім орталығында үйренеді.

Байқаудың басты мақсаты – талантты жастарды халықаралық білім беру стандарттарымен таныстыру. 
Байқауға қатысушы үшін келесідей талаптар қойылады:
 - «Оқушыларға арналған гранттар туралы» Ережесінде көрсетілген критерияларға сай келу.  

Байқауға үміткерлердің құжаттарын қабылдау 2017 жылдың 25 қыркүйек күнінен бастап 15 қазан күніне дейін жалғасады.

http://taiburyl.kz/podat-zayavku_ru/ сілтеме бойынша үміткерлерге  құжаттарды тапсыруға болады.

Өтінім қабылдау модулі 25 қыркүйек күні сағат 09.00-ден бастап, 15 қазан күні сағат 18.00-де жұмыс істейтін болады. 

Үміткерлерден түскен  өтінімтерді қарау үшін 2017 жылдың 17 қазанда комиссия отырысы өткізіледі. 
Байқау комиссиясы ұсыныстарды қарау барысында оқушының үлгерімі, оның ғылым, спорт және өнерге қызығушылығы, әртүрлі республикалық жарыстар мен байқаулардың марапаттаулары, мектептің қоғамдық жұмысына араласуы және белсенді өмірлік позиция секілді қосымша жетістіктері, сонымен қатар, отбасы жағдайы ескерілетін болады.  

Байқау қорытындысы 2017 жылдың 18 қазан күні www.taiburyl.kz сайтына жарияланады.

Бағдарламаның үйлестірушісі - «Taiburyl» қоғамдық бірлестігі.  
Қосымша ақпарат (тұжырымдама, ұсыныстар) www.taiburyl.kz сайтында жарияланады.  
Барлық сұрақтар бойынша «Taiburyl» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры 
Светлана Ермековамен +7 771 501 91 37 нөмері 
немесе e-mail: taiburyl.kz@gmail.com арқылы хабарласуға болады.