Қазақстан Халқына Қорының Білім беру гранттары бағдарлама бойынша қосымша байқау

"Қазақстан Халқына" Қоғамдық қоры «Білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасы шеңберінде өткізілген байқауларының қорытындыларын қарап, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан студенттерге білім беру гранттарын тағайындауға арналған қосымша конкурс өткізу туралы шешім қабылдады.

Осыған байланысты, 18-31 қазан аралығында "Taiburyl" ҚБ онлайн платформасында мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан студенттер үшін қосымша конкурс жарияланатынын хабарлаймыз.

Сондай-ақ, "Қазақстан Халқына" Қорынан Білім беру грантына барлық үміткерлер растайтын құжаттарды ұсына отырып, мынадай талаптарға сай болуы тиіс екенін еске саламыз:
1.    Қазақстан Республикасының азаматтары;
2.    "Қазақстан Халқына" ҚҚ және "Taiburyl" ҚБ лауазымды тұлғаларымен және қызметкерлерімен, сондай-ақ комиссия мүшелерімен үлестес болмау.
3.    Бакалавриат бағдарламалары бойынша ақылы күндізгі бөлімде оқитын және келесі тұлғалар болып табылатын қазіргі студенттер:
- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар қатарынан.

Өтініш: Осы критерийге нақты сай келмесеңіз Өтінімді бермеуіңізді сұраймыз.

3 конкурсқа қатысу үшін Taiburyl платформасында онлайн-өтінімге мынадай құжаттарды тіркеу қажет:

1.    Үміткердің жеке куәлігінің түрлі-түсті көшірмесі
2.    Оқу орнынан алынған анықтама, үлгерімі туралы анықтама (транскрипт)
3.    ҰБТ сертификаты
4.    Орта мектепті аяқтағаны туралы аттестаттың көшірмесі
5.    Студенттің ата-анасының/заңды қамқоршысының жеке куәлігінің түрлі-түсті көшірмесі
6.    Ата анасының Неке қию туралы куәлігі
7.    Үміткердің ата-анасының соңғы жарты жыл ішіндегі зейнетақы аударымдары туралы анықтама
8.    Үміткердің туған апа-қарындасының және аға-інісінің мүгедектігін растау туралы анықтама (алынатын орын – eGov сайты)
9.    Үміткердің  туу туралы куәлігінің көшірмесі
10.    Үміткердің туған апа-қарындасының және аға-інісінің туу туралы куәлігінің көшірмесі
11.    Уәждемелік хат (кем дегенде 250 сөз), хатта мынадай мәліметтер келтіріледі:
- өз және отбасы туралы ақпарат;
- қызығушылықтары мен жетістіктері туралы ақпарат;
- оқуының ақысын төлеу үшін қаржылық көмек көрсету қажеттілігінің ссебептеру туралы ақпарат;
- білім алу үшін неліктен осы мамандықты таңдағаны туралы шығарма.
12. Үміткердің өмірбаяны (кем дегенде 100 сөз)

Егер үміткерлер саны гранттар санынан асып кетсе, "Қазақстан Халқына" Қорының Білім беру гранттарын алуға 3 конкурс өткізу кезінде келесі кезектегі басым құқыққа ие болады:

1.    Мүгедектігі бар жасына қарамастан отбасында туған (ата-анасы бір) бауырлары бар ауылдық жерлерден үміткерлер (бакалавриат бағдарламалары бойынша студенттер)
1.1.  1 топ
1.2. 2 топ
1.3. 3 топ

2.    Отбасында мүгедектігі бар 18 жасқа дейінгі туыстары (ата-анасы бір) бауырлары бар үміткер (бакалавриат бағдарламалары бойынша студенттер)  
2.1. 1 топ
2.2. 2 топ
2.3. 3 топ

3.    Отбасында мүгедектігі бар 18 жастан асқан туыстары (ата-анасы бір) бауырлары бар үміткерлер (бакалавриат бағдарламалары бойынша студенттер)
3.1. 1 топ
3.2. 2 топ
3.3. 3 топ

Онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімі "Taiburyl" ҚБ сайтында белгіленеді
2022 жылғы 18-31 қазан аралығында қоса алғанда, модуль сағат 24:00-ге дейін ашық болады.
Нәтіжесі қарашаның 10 кейін шығады.

Өтінім компьютер\ноутбук арқылы ғана беріледі. Телефонмен беруге болмайды, қате шығады.
Өтінім беру видео нұсқау осында
https://www.instagram.com/p/ChG8QwslxiB/

Жаңалықтар біздің әлеуметтік желі парақшаларымызда:

https://t.me/taiburyl
https://www.instagram.com/taiburyl/

Сұрақтар болса WApp арқылы жазыңыз сағат 10:00-18:00 дейін
+7 771 501 91 37