ҚБТУ Түлектеріңің Қоры

ҚБТУ түлектер қорының стипендиялық бағдарламасы - 2016 жылы алғашқы түлектері шығарылғанына 10 жыл толуына арналған бастама жоба. 

Еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының 38 түлегі кіші сыныптастарын дербес қолдайды. 
Бұл жоба үлкен мәнге ие, өйткені ол бірлік пен өзара көмек көрсетудің керемет дәстүрлерін құра отырып, жанқиярлықтың үлгісі болып табылады. 
Сонымен қатар, бұл бағдарлама қазіргі студенттерді жақсы оқуға, студенттік өмірде үздік болуға шабыттандырады. 
2016 жылдан бастап Нурлан Жумадилов осы айтулы жобаның шабытшысы болды. Нұрлан жұмыстың барлық ұйымдастырушылық бөлігін басқарды, қаржылық есеп, сыныптастарымен және бағдарламаның стипендиаттарымен байланыста болды. 
2019 жылы Нурлан Жумадилов өз билігін Олжас Шаймерденовке берді. 
Олжас Шаймерденов - ҚБТУ 2016 түлегі. 
ҚБТУ-да оқып жүргенде студенттік өмірге белсенді қатысты және екі рет ҚБТУ Студенттік Кеңесінің президенті болып сайланды. Олжастың студенттермен және университет әкімшілігімен жақсы қарым қатынасы бар. Олжастың командасы ҚБТУ-да ғылыми, мәдени, білім беру және спорт саласында 10-нан астам жобаны жүзеге асырды. 
«Taiburyl» Қоғамдық Бірлестігі атынан біз Олжас Шаймерденовті ҚБТУ түлектерінің қорының президенті лауазымында қарсы аламыз және сәттілік тілейміз!

Сондай-ақ, ҚБТУ Түлектерінің Қорына қаражат аудару үшін біздің сайттың техникалық мүмкіндіктері туралы еске саламыз https://support.taiburyl.kz/ru/ осы сілтеме бойынша ақша аудару мүмкін.