Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!

1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық қарулы күштер құру туралы жарлыққа қол қойғанын еске саламыз.  

2012 жылдан бері бұл күн мемлекеттік мереке болды.  
Біздің қарулы күштеріміз: 
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Құрлықтағы әскерлер Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әскери-Теңiз Күштерi Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әскери-Әуе Күштерi 
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әуе қорғанысы әскерлерi 

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Нышаны - шеттерi алтын түстi нұсқамен жиектелген бес бұрышты жұлдыз. Жұлдыздың ортасында шұғылалы күн және оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. 

Әскер түрлерінің тулары бар: 

2 стр флаги родов войск.png

Қазақстан Республикасының Президенті ҚК Жоғарғы Колбасшысы. 

Дәстүр бойынша, бұл күні Қазақстанның астанасында барлық әскерлердің шеруі өтетін, бірақ 2019 жылы шерудің орнына «Айбалта-2019» стратегиялық жаттығуларының белсенді кезеңі өтеді.