«Озат» бағдарламасының екінші кезенінде шәкіртақы иелері анықталды

17 ақпанда өтінімдерді қарау комиссия отырысы өтті. Шәкіртақы алуға 245 өтінім жіберілді, оның ішінен комиссия 135 жеңімпазды анықтады.

Жеңімпаздар тізіммен осында танысуға болады: http://taiburyl.kz/faq/Spisok_Ozat_SK-Trust_2.xlsx

Жеңімпаздарға ары қарай не істеуі қажет?

Жеңімпаздар міндетті түрде басып шығарылған өтінімді (фото жапсыру қажет) және өтінімге қосымша берілген барлық құжаттарды (анықтамаларды) «Taiburyl» мекенжайына: Астана қаласы, Керей және Жәнібек хандар көшесі, 5 үй, 5 подъезд, 3 қабат, 2017 ж. 24 ақпанға дейін жіберу қажет.

Барлық студенттер өтінім жібермегенше, шәкіртақы төлеу шаралары басталмайды. Астана қаласында оқитын студенттер басып шығарылған өтінімдерді Бірлестікке өздері әкеле алады (бір студент бірнеше студенттің өтінімін әкеле алады). Өтінімді жіберу үшін сіз Бірлестіктің мекенжайына хат жолдайтын студенттерге жеңілдіктер қарастырып отырған ADS (http://www.ads.com.kz/) пошта қызметін қолдануын сұраймыз, сонымен қатар қаражатты үнемдеу үшін бірнеше студент өтінімдерді бір конвертке жолдай алады. Барлық жеңімпаздар 2017 ж. 24 ақпанға дейін «Kaspi bank» бөлімшелерінде шәкіртақыны алу үшін карта ашуға міндетті. Қалаңыздағы банктің кез келген бөлімшесіне барып, «Taiburyl» БСН-ін атаңыз – 130840014532. Картаны ашу тегін. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Картаны ашқаннан соң, оның нөмірін немесе скан нұсқасын жібермеуді сұраймыз, банк шәкіртақы иелерінің мәліметтерін автоматты түрде бізге береді. Кімнің қолында карта болса, екінші рет оны ашудың қажеті жоқ.

Бағдарламаға белсеңді қатысқаныздар үшін алғыс айтамыз!
WhatsApp Image 2017-02-17 at 15.46.22 (1).jpeg