«Taiburyl» ҚБ «Дарындыларға арналған магистратура» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау мерзімі және грант алу үшін талаптарының өзгергені туралы хабарлайды

«Дарындыларға арналған магистратура» байқауы 2018-2019 оқу жылы Кингстон университетінде магистратурада оқуға грант алуға мүмкіндік береді.

Студенттерден өтінім жинау 2018 жылдың 2 сәуірінен басталып 2018 жылының 25 мамыр сағат 18.00-ге дейін өтеді.

Қажетті құжаттардың тізімі «Дарындыларға арналған магистратура» қайырымдылық жобасының Ережесінде келтірілген.

Academic IELTS бойынша талап 5,5 баллға дейін қысқартылды. Бұл қысқарту студенттерге Кингстон университетіндегі ағылшын тілі курстарына алдын-ала сапармен қатысу мүмкіндігін береді. Соңында Kingston университетінде магистратураға түсу үшін Academic IELTS  емтиханын қайта тапсыру керек және 6,5 балл міндетті турде алу  қажет.

Қалған талаптар өзгеріссіз қалады.

Назар аударыңыз! Сізге құжаттардың толық пакетін жинауды, осы құжаттардың нұсқаларын сканерлеуді және содан кейін ғана сайтқа тіркелу рәсімін өтуді ұсынамыз.

Кез-келген шұғыл сұрақтарыңыз болса, хабарласыңыз:

E-mail (taiburyl.kz@gmail.com);

- FB-парақшамыз (https://www.facebook.com/taiburyl)

- телефон арқылы +7 771 501 91 37

«Taiburyl» Қоғамдық Бірлестігі студенттерді «Дарындыларға арналған магистратура» байқауына белсенді қатысып, 2018-2019 оқу жылында  Кингстон университетіне магистратураға грант ұтып алуға тілектес. Сәттілік тілейміз!