«Taiburyl» ҚБ-гі «Дарындыларға арналған магистратура» бағдарламасы, бойынша өтінім қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

«Дарындыларға арналған магистратура» байқауы 2018-2019 оқу жылы Кингстон университетінде магистратурада оқуға грант алуға мүмкіндік береді.

Студенттерден өтінім жинау 2018 жылдың 2 сәуірі сағат 9.00-ден 16 сәуірдің  сағат 18.00-ге дейін өтеді. Өтінім беру процесі толығымен автоматтандырылған, сондықтан өтінім берушілер онлайн режимінде (http://k.taiburyl.kz) өтінім бере алады.

Өтінім берілгеннен кейін, 24 сағат ішінде «Taiburyl» қызметкерлері оны Ереженің барлық талаптарына сәйкестігін тексереді де, келесі нұсқаулыармен хат жолдайды.

Қажетті құжаттардың тізімі «Дарындыларға арналған магистратура» қайырымдылық жобасының Ережесінде келтірілген.

Байқауға Қызылорда, Қарағанды, Өскемен және Павлодар қалаларындағы жоғары оқу орындарында бакалавриат бағдарламасының келесі мамандықтары бойынша 4 курста оқитын студенттер қатыса алады:

·        Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

·        Ақпараттық жүйелер

·        Есептеу техникасы  және бағдарламалық  қамтамасыз ету

·        Автоматтандыру және басқару

Өтінім берушілер келесі талаптарға сай болуы керек:

-         Қазақстан Республикасының азаматы болуы;

-         Соттылығы және әкімшілік жазасы болмауы тиіс;

-         Қазақстан Респубикасының  Қызылорда, Қарағанды, Өскемен және Павлодар қалаларында орналасқан, шетел ЖООның еншісіндегі емес, қазақстандық ЖООда бакалавр деңгейіндегі күндізігі бөлімшенің соңғы курсында оқуы тиіс;

-         Басқа қаржы көздерінен грант алушы болмау керек;

-         оқу үлгерімі Ереженің 2.2 тарауында көрсетілген ұйқарындылық өлшемге сай болуы тиіс;

-         Ереженің 2.3 тарауында көрсетілген тұлғалармен үлестес болмау керек;

-         материалдық тұрмыс қамсыздығы Ереженің  2.4 тарауына сәйкес болуы керек;

-         Ағылшын тілінен Academic IELTS 6.5 баллдық нәтижесі болуы керек, оның ішінде 6.0 балл Жазудан (Writing), Оқу, Тыңдау, Сойлеу /Reading, Listening and Speaking/ тараулары бойынша - 5.5 баллы болуы керек;

Осы байқаудың жеңімпаздары Кингстон университетінде оқудың барлық шығындарын, сондай-ақ саяхат, тұру, тамақтану, оқулықтар, медициналық сақтандыру, виза және басқа да шығындардан тұратын грант алуға құқылы. Бұл қайырымдылық жобасының демеушісі - «Кселл» компаниясы.

Назар аударыңыз! Сізге құжаттардың толық пакетін жинауды, осы құжаттардың нұсқаларын сканерлеуді және содан кейін ғана сайтқа тіркелу рәсімін өтуді ұсынамыз.

Кез-келген шұғыл сұрақтарыңыз болса, хабарласыңыз:

- e-mail (taiburyl.kz@gmail.com)

- FB-парақшамыз (https://www.facebook.com/taiburyl)

- телефон арқылы  +7 771 501 91 37

Өтінім қабылдайтын модуль автоматтандырылған, ауызша кеңес беру қажеттілігін болдырмау үшін ақпараттың әрбір тармағына түсініктеме берілген.

«Taiburyl» Қоғамдық Бірлестігі студенттерді «Дарындыларға арналған магистратура» байқауына белсенді қатысып, 2018-2019 оқу жылында  Кингстон университетіне магистратураға грант ұтып алуға тілектес. Сәттілік тілейміз!