Taiburyl СДУ студенттеріне жазғы IT лагерь өткізуге қолдау көрсетті

Сүлейман Демирел атындағы университеттің технопаркі Taiburyl қолдауымен 2022 жылғы 8-30 маусым аралығында hardware жобалары бойынша 14 студентке арналған жазғы IT лагерь өткізді: буткэмп шеңберінде оқытып, Алатау Элтекс компаниясының жұмысымен танысу жүргізді.

Жазғы лагерьдің негізгі міндеттері:

- микроконтроллерлерді бағдарламалау үшін С / С++ тілінде бағдарламалауды үйрену;
- электрондық өнеркәсіпте микроконтроллерлерді қолдануды және олардың архитектурасын зерттеу;
- студенттерді аймақтық зауыттармен және электронды құрылғылар өндірушілерімен таныстыру.
- курс аяқталғаннан кейін Coursera.org платформада тестілеуден өту және C/C++тілін білу сертификатын алу.

Қосымша:

- электрондық платаларды жобалау негіздерімен танысу;
- электрондық платалардың прототиптерін жасау технологияларымен танысу.
- электрондық платаларды дайындаушы зауыттардың платформаларымен танысу.

Сабақтар бітісімен IT лагерьдің 4 қатысушылары Coursera.org онлайн курстан өтті, емтихан тапсырып, сертификаттар алды.

Hardware дамыту бойынша мұндай мамандар нарыққа қажет, өйткені Hardware жобаларымен жұмыс істейтін барлық компаниялар бағдарламалық жасақтаманы бөлек сатып алады, бірақ оларды әзірлеу үшін мамандар жоқ.

Бұдан басқа, СДУ технопаркі нарықтан прототиптерді әзірлеуге жобаларды тартады және жазғы IT лагерьге қатысушы студенттер өздерінің жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттырады және телекоммуникациялық жабдықтар саласында Қазақстандық өнімдерін дамыту бойынша жұмыс істейтін болады.

Taiburyl қоры СДУ университетімен ынтымақтасуға қуанышты, жазғы  IT  лагерь қатысушыларына алғыс айтамыз және емтиханда сәттілік тілейміз.