Білім қолдау

"Білімді қолдау" бағдарламасы студенттерге "Айлық шәкіртақы" және "Білім гранттары" екі жоба бойынша қолдауды көздейді.

«Айлық шәкіртақылар» Ережесі «Taiburyl» Қоғамдық бірлестігінің (әрі қарай – Бірлестік) «Білімді қолдау» бағдарламасында реттеуші тәртіппен берілетін шәкіртақының негіздемесі.
Шәкіртақы дегеніміз, бакалавриат не магистратура білімдік бағдарламасымен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқитын (әрі қарай – ЖОО) студенттерге арналған, ай сайын төленетін ақша құны.
Шәкіртақы техникалық, гумманитарлық, қоғами және экономика ғылым саласында оқитын, талантты, келешегі бар қазақстандық студенттеріне оқу, ғылым әрі тәжірибие саласындағы қызметін ынталандыру үшін беріледі.
Байқау жыл сайын тамыз – қыркүйек айында, қаңтар – ақпан айларында бөлінген шәкіртақы шешімінің үміткерлерінің оқу үлгерімінің нашарлануына және сол шешімді өзгертуіне байланысты өткізіледі.

«Білім гранттары» Ережесі «Taiburyl» Қоғам Бірлестігінің (әрі қарай – Бірлестік) «Білімді қолдау» бағдарламасында реттеуші тәртіппен берілетін гранттын (әрі қарай - Грант) негіздемесі. 

Грант дегеніміз, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында (әрі қарай – ЖОО) бакалавр және магистратура білімдік жүйесімен оқитын студенттерге оқуының бір жартыжылдығын төлеу үшін берілетін ақша құны.
Гранттар техникалық, гумманитарлық, қоғами және экономика ғылым саласында оқитын, талантты, келешегі бар қазақстандық студенттеріне оқуын төлеу үшін бағыттанған.
Грант беру Байқауының үміткерлерін таңдау реттігі бір жылда екі рет өткізіледі:
- тамыз-қыркүйек;
- қаңтар-ақпан айларында.
Байқау демеушінің келісуімен басқа ай аралығында өткізілуі мүмкін.